Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша, Бұралған белің нәзік, о шіркін, тал Қадиша-ай!(ооуууууу) Сексен қыз, серуенге шықсадағы, Ішінде шолпан жұлдыз, жарығым, сен Қадиша-ай!(ооуууууу)
Бұраңдап, асау тайдай жүрген басың, Қаларсың біздің сөзге-ай, қарағым, зар Қадиша!(ооуууууу)(Балқадиша-ай) Бір емес, екі-ай жеңгең келіп отыр, Рұқсат бізден сізге, жанарым, бар Қадиша!(ооуууууу)
Дегенде Балқадишам-ай, Балқадиша, Күйеуің сексен бесте-ей, о шіркін, шал Қадиша!(ооуууууу) «Кетті» деп Балқадиша естігенде-ей, Тауында Жыландының құшақтап қара жерді, Еңіреп, жылағаным-ау оуууу Еңіреп, жылағаным-ау, жан Қадиша