Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Ерлан Рысқали - Өзім туралы (Қасым Аманжолов) | Текст песни

Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім жалын аткан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді
Тербетіп, тулатып бір қозғайын да…

Аманжол Рақымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атаның ғасырымын.
Біреуге жұртта қалған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын.

Шарлаған жолым жатыр жер бетінде,
Көрінер көлеңкесі келбетімде.
Қай жерде үзіледі қайран сапар,
Түйін боп өмірімнің бір шетінде?

Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап,
Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ?
Әлде мен екінші өмір бастармын ба,
Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап?

Сен неткен бақытты едің, келер ұрпак,
Қараймын елесіңе мен таңырқап.
Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,
Жатармын қырында көрпе қымтап

Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
Өкінем ұқсата алмай келемін деп.
Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.
Барым да, бақытым да осы өлеңім,
Жақыным, жүрегімнің досы өлеңім.
Өмірге келгенім жоқ бостан-босқа,
Мен қайтіп босқа жасап, босқа өлемін?!

Сөзім – жыр, лебізім – күй, ерке едім,
Өз жерім, өз елімде еркеледім.
Өмірдің алтын сарай аспанына
Қиялым қақты қанат ерте менің.

Ризамын туғаныма адам болып,
Өкінбен қаламын деп бір күн солып.
Адамзат сапарының мейманымыз
Бір мезет жер бетіне кетер соғып.

Екі көз – екі жұлдыз мандайдағы,
Көруші ең қүбылысты кай-кайдағы.
Дариғау, сен де бір күн сөнермісің
Қап-қара түнек болып маңайдағы?!

Аяған жүрегім жоқ жолдасымнан,
Сый көрді небір сараң мол Қасымнан.
Жолдастың жүзін қайта алдым жинап,
Айрылсам ала көңіл он досымнан.

Қасыммын, сол баяғы бір Қасыммын,
Бақытын ойламаймын құр басымның.
Тымырсық түнек болсаң–дұшпаныңмын,
Ақ көңіл адал болсаң–сырласыңмын.

Боламын ақын Қасым әлі де мен
Өлеңін бөбегіндей әлдилеген.
Қанатын қағып жылдам келер жылдар,
Бәрін де қарсы аламын ән-күйменен.

Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Олар да бұл Қасымды бір байқасын.
Өртке тиген дауылдай өлеңімді
Қасымның өзі емес деп кім айтасың?!

Сондықтан ап кел бері домбырамды,
Кеудеме күй қанатты қондыр әнді.
Берейін өмірімнен өлең жасап,
Шашайын оңды-солды мол мұрамды. 2-рет

Ерлан Рысқали еще тексты


Другие названия этого текста
  • Ерлан Рыскали - Касым Аманжолов Озим туралы (0)
  • Ерлан Рысқали - Қасым Аманжолов өзім туралы (0)
  • Ерлан Рысқали - Өзім туралы (Қасым Аманжолов) (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2