Маңмаңгер кекілің келте, жалың майда
Байлаған сені сылап қалқатай да
Жүресің желмаядай жануарым
Көрейін қызығыңды осындайда
Ахау. туған елім
Балаң едім
Өзіңе осынау әнді
Ала келдім
Маңмаңгер, ән қосайын жүрісіңе
Дер екен қалқа қалай келісіме
Сыдыртып, Маңмаңгермен келе жатып
Осынау ән күйіндіріп түсті есіме
Ахау. туған елім
Балаң едім
Өзіңе осынау әнді
Ала келдім
Маңмаңгер, кекілің келте, жалың майда
Бал татыр қант қосса қағаз шайға
Кісіден анау-мынау жалтару жоқ
Ақ көйлек, дүрия бешпет сәулем қайда
Ахау. туған елім
Балаң едім
Өзіңе осынау әнді
Ала келдім
Ерлан Рысқали еще тексты
Другие названия этого текста
- Ерлан Рысқали - Маңмаңгер (1)
- Ақан сері - маңмаңгер (0)
- Gaya - маңмаңгер (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1