Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Ерлан Рыскали - Молдабайдын ани | Текст песни

– Тәңірберген Молдабай,
Малға жарлы болса да,
Айтар сөзге, тілге бай.
Сөйлер сөзге келгенде,
Орынбордың алдында,
Тағалаған жорғадай.
Сөйле, тілім, жалықпа,
Жарқыра жақсы халыққа.
Білгеніңді айтпасаң,
Тыңдар сөзің бар ма екен?!
Сіздің айтқан халыққа,
Айтарыңды анықта,
Аққу құстай шалықта.
Жақсы менен жаманды,
Қаусырма жақ, қызыл тіл,
Көп ішінде тарықта.
Молдабайдың әні еді,
Осылай қылып ән салсам,
Домбыраның сәні еді.

Алтын қалпақ, жез телпек,
Хандар киген көзіне.
Кімдер әуес болмаған,
Молдабайдың сөзіне.
Ақ жібегі болмаса,
Үйдің сәні кірмейді.
Шым ораулы болмаса,
Шидің сәні кірмейді.
Егескен жауын мұқатпай,
Ердің сәні келмейді.
Қара жерден қар кетпей,
Көкорай шалғын, жер кеппей,
Жердің сәні кірмейді.
Үйрек ұшып, қаз қонбай,
Көлдің сәні келмейді.
Қызыл-жасыл киінбей,
Қыздың сәні келмейді.
Қыз боз бала жиылмай,
Жырдың сәні келмейді...
Молдабайдың әні еді,
Осылай қылып ән салсам,
Домбырамның сәні еді.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
  • Ерлан Рыскали Молдабайдын ані Ерлан Рыскали Молдабайдын ані
    керемет орындау. осы молдабайдың замандасы болып, оның сол кездегі жұртты қыран-топан еткенін өз көзіммен көргім келіп кетті ғой.
  • Алгысбек Дауен-Молдабайдын ани Алгысбек Дауен-Молдабайдын ани
    Алгысбек Дауен-Молдабайдын ани. Дархан Серикулы. SubscribeSubscribed Unsubscribe 6. Subscription preferences ...
  • Бекболат Тлеухан "Молдабай" Бекболат Тлеухан "Молдабай"
    Енди Бекболат агамызды мажилистен кормеймиз атен(((((( сиз казакка керек адамсыз тек казактын камын ойлайтын нагыз азаматсыз ...
  • Ерлан Рысқали - Ақан Серінің әні Маңмаңгер Ерлан Рысқали - Ақан Серінің әні Маңмаңгер
    Erlan Ryskhali -Akhan Serinin ani Manmanger. ... Ерлан Рысқали - Құмарбектің әні / Қайран Алтай ...
  • Аягоз ару,макатаев Аягоз ару,макатаев
    Ерлан Рысқали.Молдабай & Жас қазақ. - Duration: ... Перизат Тұрарова, Ерлан Рысқали - Ән айтыс (2-бөлім) - Duration: 27:00 ...
  • Ерлан Рысқали Екі жирен Ерлан Рысқали Екі жирен
    Erlan Ryskhali -Eki jiren. ... Ерлан Рысқали Екі жирен. Zauresh Smagul. SubscribeSubscribedUnsubscribe ...
  • Рамазан Стамғазиев - Аңшының әні Рамазан Стамғазиев - Аңшының әні
    Ерлан Мухаммед 3 months ago. Ән де әншиде ... Аншынын ани оте жаксы ан жарайсыз коке Кенжебек сары бала. Read more ...