Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

"ЕрӘли" дуэті - Әз наурыз думаны | Текст песни

Асқар Наймантаев.
Әз наурыз думаны.
Әні: Сапаралы Нысанбайдікі.
(https://youtu.be/dz_O97J1lms сілтемесі арқылы тыңдай аласыздар.)

Мезгілдің ерке, сырбазы,
Наурыз келді, Жыл басы!
Наурыз көже сапырып,
Аналар отыр сырласып.

Гүл теріп жүрген көктемде,
Құлпырып қыздар кеткен бе.
Аталар отыр «тәубе» деп,
Көктемге аман жеткенге.

Қайырма:
Жар саламыз тыңдағын,
Ойдағы мен қырдағың.
Әсем әнмен бастайық,
Әз наурыз думанын.

Қыдырған қонақ әр үйге,
Бөленіп қызық ән-күйге.
Көктемге келген қуанды,
Асығын ойнап сәби де.

Наурыз келді, мереке,
Әкелсін елге береке!
Татулық, бірлік орнасын,
Жайнасын біздің кең өлке!


"ЕрӘли" дуэті еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1