1. Сен шақырдың бақытқа, кім не десе ол десін. Мен шақырдым теңізге, махаббаттың кемесін. Неге сонша ойландың, басталғанда дүрбелең. Сапар алыс уақыт аз, сенғой маған жүр деген.
Қайырмасы:
Түсіп қалғың келеме, көңілімді елеме. Мені арманға шақырып, неге міндің кемеге. Толқындар салып араға, қалғың келіп барама. Ақ жол саған, ақ тілек, бұрылып та қарама.
2. Ақ кеменің лақтырып, көк теңізге ескегін. Жалғыз тастап дауылға, не істедің-ай не істедің. Бұл өмірде бақытты, оңай келсе бақ деме. Бәлкім жетер не жетпес, ақ бақытқа ақ кеме.