Жүрші еркем, жүр бірге қыдыралық, Қол ұстасып көк белге. Куә болсын бақытқа бүгін анық, Гүл жайнаған көктемде-ей Жанарыңда жалын атқан, Байқалмаған бір нұр жатыр. Көкейімде саған деген, Айтылмаған бір сыр жатыр
Жүрші сәулем, жүр бірге сырласайық, Өткен күндер жаңғырып. Махаббаттың мүсінін бір қашайық, Тұрып қалсын мәңгілік. Қатар ұшқан қос аққудай, Жүрейікші шын жарасып. Бағын тапқан қос жүрекке, Ел сүйсінсін бір қарасып