Мұңға батқан жүректің Шағаласын шулатып Сені аңсаймын жанымның Толқындарын тулатып Сандуғашқа сайраған Сен жайлы әнді тыңдатып Білесің бе мен үшін Сені көру мың бақыт
Қалай жүрсің сағынбай Қалай жүрсің үндемей Айлы түнде аңсаумен Әнге салған кім демей Мен аңсаймын сол шақты Күн демей де түн демей Сөндірдік ау бекер біз Үміт отын үрлемей
Өткен күндер расында Жазылғаны маңдайға Жүрегімді жұбатып Түсінетін жан қайда Ақ бақытым шалғайда Жаурамай ма тоңбай ма Мен кінәлі шығармын Сен кешірсең болмай ма
Қалай жүрсің сағынбай Қалай жүрсің үндемей Айлы түнде аңсаумен Әнге салған кім демей Мен аңсаймын сол шақты Күн демей де түн демей Сөндірдік ау бекер біз Үміт отын үрлемей