Мен бұл күндері іздесем де таппаймын, Махаббаттың кім өртеген қамалын. Білесің бе сен, жанды қинап сағыныш, Білесің бе жоқ екенін амалым...
Саған қарай шақырады жол біткен... Мен расында шын жүрекпен сүйіппін... Мына өмірде сені мендей кім күткен?.. Қайдасың сен сағындым ғой сүйіктім... Мына өмірде сені мендей кім күткен?.. Қайдасың сен сағындым ғой сүйіктім...
Жүрмін мен жаным, бұл күндері ойланып, Тағдырымның жазуына байланып, Кеттің сен қайда, қайда асықтың қарағым, Кеткенің бе ақ бұлттарға айналып...