Өмірімнің гүл жайнаған бағында,
Әлдекімді жүрек іздер шағында
Көздеріңнен көріп отты
Бір алапат дауыл соқты қанымда.
Шоқтай жандың елең етпей,
Мен өртендім көбелектей жаныңда.
Қайырмасы:
Сен маған ұнадың,
Тасыттың да бақытымның бұлағын.
Сен маған ұнадың,
Сан қарасам қанар емес құмарым.
Сен маған ұнадың,
Сенен жүрек көргендей ме сыңарын?!
Сен маған ұнадың,
Ұнадың да, өзің болдың жыр-әнім.
Гүл бағым,
Гүл бағым,
Гүл бағымда мәңгі жайнап жүр жаным.
Бар әлемнің ауа райы күлкіңде,
Сен мұңайсаң бұлттар жауын бүркуде.
Мен келемін самғауменен,
Кінә бар ма арман деген шіркінде?!
Сен гүлімсің, сен көктемім
Мен ғашықпын,
Мен көктемің бұл күнде
Қайырмасы:
Сен маған ұнадың,
Тасыттың да бақытымның бұлағын.
Сен маған ұнадың,
Сан қарасам, қанар емес құмарым.
Сен маған ұнадың,
Сенен жүрек көргендей ме сыңарын?!
Сен маған ұнадың,
Ұнадың да, өзің болдың жыр-әнім.
Гүл бағым,
Гүл бағым,
Гүл бағымда мәңгі жайнап жүр жаным.
Ернар Айдар еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2