Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Ернар Делегенов - Менин Отбасым | Текст песни

Көздерім іздейді сені, іздейді жүрегім,
Сенде мені іздейсін, алтыным білемін.
Менің өмірлік серігім, жалғыз таңдауым,
Тек өзің деп атуда, арайлаған таңдарым.

Артымызда жылдар,алдымызда болашақ,
Қолымызда сәби, жүректерде махаббат.
Басқа не керек, осы ғой, бақыт деген.
Бізден бақытты пенде, табыларма әлемде.

Кеше ғана қол ұстасқан, ғашық, ұл мен қыз,
Бүгін міне қосылып, отбасы болдық.
Жақындар қуанышты, орындалуда армандар.
Менің ең баста арманым,ұлым Айсұлтаным.

Рахмет Жаным, Рахмет саған Арайым,
Керек десең егер, шашлып шұғылаң болайын.
Рахмет Құдайға, біздерді кездестірген,
Ыстық сезім сыйлап, перзентиде сүйдірген.

Қайырма:
Менің отбасым,менің өмірімнің мәні,
Тек сендерге жандарым, осы әнім арналады.
Сендер менің, екі талмас қанаттарым,
Сендерсіз өмірімді тіпті елестете алмадым.

Менде арман жок,армансыз адаммын,
Сен барсың жанымда,болады Айсұлтаным,
Бар ата- анам, туыстарым мен достарым.
Рахмет, осындай бақытқа, Жаратқаным.

Ант етемін, қамқор әке мен күйеу боламын,
Жазда көлеңке, қыста от болып жанамын.
Шөлде су болып, Жаңбырда шатырға айналамын,
Сендер үшін мен, бағынбас белестер аламын.

Менің ұлым,ізім,мақатнышым өмірдегі,
Аспаныңна бұлт төндірмес, анаң мен әкеңде.
Сені тербетумен өтсін күндерім мен түндерім.
Ақта ақ сүтін анаңның, ақта үміттерді.

Шексіз құрметім, алтындай ардақты, жарыма,
Көтерген ұлымызды, тоғыз ай құрсағында,
Менің алтыным Арайым кетпесін, күлкі жүзіңнен,
Сендерді сүйіп өтемін, кеткенше осы өмірден.


Ернар Делегенов еще тексты


Другие названия этого текста
  • Делегенов Ернар - Менин Отбасым!!! (0)
  • Ернар Делегенов - Менин Отбасым (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1