1)Мен енді өзгердім, Сен бірақ өзгермейсің. Енді өзіңнің қасыңнан, Мені мүлде көрмейсің. Ұзын көйлек кимейсің, Қысқамен елпектейсің. Одан да жалаңаш жүр, Киімді сен не істейсің? Көзім көрмеген екен, Тек сұлулықты көріппін. Екеуміздің сезімімізді, Шынайы деп сеніппін. Шынына келгенде, Мүлде олай емес. Сенің мақсатың, Біреумен мәңгі болу емес. Оны кеш түсіндім. Қайтем енді бәрі өзгерді. Қайтып келем деп ойлама, Жүрегім жабық енді. Сен секілді қыз негізі, Тағдырың қателігі. Тағдырың айуандылығы, Осыдан білінеді. Арманыңды орында, Қатыстырма мені тек. Қайталаймын мен өзгердім, Оған себепкер өзің тек. Баяғы пенде жоқ, Олда бүгін өзгерді. Өзгермеймін деседе, Сен секілді қыз өзгертті.
Қайырмасы:
Қасымда жүр едің, Неліктен кеткенің. Қасымнан кетсеңде, Жүректен кетпедің. Сондағы уақыттың, Жай ғана өткенін. Шынымен жаным-ау, Мен енді өзгердім.
2) Сенің жүрегің емес, Артыңа қарау керек па не? Сол жерге қарағандар, Сен үшін жақын ба не? Махаббат деген сезім, Жалпы саған керек па не? Саған берген жүрегім, Сол жүрегім ойыншық па не? Бәлкім мен саған, Жылуымды бере алмадым. Соныменен жылынып, Қай жерге дейін барасың. Екеуміз екі жақта, Кімнен бақыт табасың? Мен саған бере алмаған, Бақытты содан аласың. Өткен күніңе енді, Несіне өкінесің. Екеуміз армандаған, Бақытқа сонмен жетесің. Бағалай алмадың, Енді неге күрсінесің? Сен үшін маңызым жоқ, Маған лайықты емессің. Қайта келемін деме, Каламайт сені жүрегім. Артыңнан жүрген кезді, Ойлап кейде мен күлемін. Махаббатың не керек, Өтірік жалған сөздерің. Көңіліңе қарамайм, Өйткені мен өзгердім.
Қайырмасы:
Қасымда жүр едің, Неліктен кеткенің. Касымнан кетсенде, Жүректен кетпедің. Сондағы уақыттың, Жай ғана өткенін. Шынымен жаным-ау, Мен енді өзгердім.