Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Ершат Қайырхан - Сәлеметсіз бе (сөзі: Ә.Ботпанов) | Текст песни

Жаныңызды жүрдіңіз жара жеп күзде,
Ал күздің желі меніңше, сәл әдепсіз бе?
Жапырақтарын шашты алдан.
Бұрылдыңыз да,
Дедіңіз:
Сәлеметсіз бе?
Сәлеметсіз бе?

Сәлемдестірген біздерді жайлап өтті күз,
Жапырақтарын алысқа айдап өтті күз.
Жапырақ тектес бе едіңіз, бейтаныс ару,
Қайда кеттіңіз?

Тағдырым солай білемін, бағынамын бек
Бағынамын бек қайтемін, сағынамын тек
Ұғынам бәрін ұғынам, тағдырымды да
Бағынамын бек
Сағынамын тек

Сол баққа келем жанымды жара жеп күзде,
Ал күздің желі меніңше, сәл әдепсіз бе?
Жапырақтарын шашады жүзіме әкеп
Дейтіндей:
Сәлеметсіз бе?
Сәлеметсіз бе…

Ершат Қайырхан еще тексты


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-