Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Ескендір Хасанғалиев - Әдемі-ау | Текст песни

Бұлбұл құс туған жерден гүл іздейді
Күдерін құштарынан бір үзбейді
Келесің гүл боп, еркем, көз алдыма
Өзіңді мен іздемей кім іздейді!

Арына махаббаттың шырай керек
Шын сүйген азабына шыдайды көп
Ән айттым, арнап саған, ұнайма
Әдемі-ау, мені сүйсең мұңайма тек

Арманымның нұры
Ақындықтың сыры
Жүрегімнің жыры, Әдемі-ау
Көңілімнің сазы
Өмірімнің жазы
Қайда жүрсің, Әдемі-ау

Өзің ғой өміріме сән берген де
Дүниеде саған ару тең келген бе?
Сәулем-ау сен келесің, көз алдыма
Ақ қайың самал желмен тербелгенде

Жас жаным сені аңсамай төзе алар ма
Өзгелер сені мендей сезе алар ма
Ақ толқын жағалауға асыққанда
Айым-ау, сен келесің көз алдыма!

Арманымның нұры
Ақындықтың сыры
Жүрегімнің жыры, Әдемі-ау
Көңілімнің сазы
Өмірімнің жазы
Қайда жүрсің, Әдемі-ау


Другие названия этого текста
  • Ескендір Хасанғалиев - Әдемі-ау (0)
  • Даурен Кыдыров - Адемі ау(2013) (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
  • Ескендір Хасанғалиев - Әдемі-ау Ескендір Хасанғалиев - Әдемі-ау
    Әр таң сайын «Қазақстан» Ұлттық арнасының шымылдығын ашатын « Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы жаңа маусымын ...