Жүзімде өкпе жоқ жане басқамен боламын Сен мені түсінбесеңде ол түсіне алады Еске алып бəрін неге тағы оңаша қаламын Кеңістік бізге тиесілі болсада ол қараңғы Күрсініп ысырып тастағым келеді қиындықты Сезімді жасырмайтын бізге арналған жиын бітті Ақыры аиту керек болса бəрін саған айтамын Қайтып келмейтін кездер олда жадымда сақталды Сырымда ақтарып мəтіндер жатанды бірақта Жауап таба алмадым сол баяғы сұраққа Біздер қаламыз білем басқаменен тұрақтап Тұңғұйық сезімдер тұңып қалды таза бұлақта Күндерді ысырып зымырап өтеді жылдар Нені қаласаңда жүрегіңді тыңда Бұларды ойлайтын уақыт жоқ алда басқа жоспар Бақытымды таптым сенде естеліктермен қоштас.
Қайырма:
Қалауы сол жүректің Көңіліме гүл ектің Ғашық қылған көздерің Сезімдерді жыр етті.
MC DOHA:
Уақыт көрсете бастады бəрі олай емес Сағат,күндер,айлар,жылдарда келесі Сенің елесіңмен ілесіп күрестім Келіспейтін мінездермен,ұрыстар тұр есте Жоқ қателеспе,бəрі өзгерді кеште Менде адаммын бəрін салып аламын еске Құрбыларыңнын айтқаны сен үшін кеңеспе Менің сөздеріммен теңеспиді,ал қазір кештеу Бəрін қозғама енді мен уақыт созамын Сеніммен күтіп жүрген сəттерімде бақыт ұзады Өзгеріске ұшыраған арадағы сезім От болып жанған жүректердің ортасы мұздады Мен түсінемін оны,қиылды жарты жолы Жүректің түбіндегі сезімдерім жырға толы Махаббат көктемгі қызғалдақтай қалады солып Сенемін ойлаған арманыңа жетеді қолың.