Бірімізге келіппіз, бір көруге жерікпіз Еліктеуші еді елік қыз назың гүлдегі Сынығындай иненің, жабырқаулы күйдемін Сені сонша сүйгенім жазығым ба еді?
Сен мен үшін армансың жанды жаулап алғансың Арманып боп қалғансың epік өзіңдей Елігіндей ерке қыз жанымыздың дерті егіз Еркелеппіз ерте біз елік сезімге
Айналасың мүсінге алаулы оттың ішінде Тыным берші түсімде тым құрығанда Өртенгенде от қайғы жаным сені жоқтайды Сенсіз зауқым соқпайды түнгі думанға
Сен мен үшін армансың жанды жаулап алғансың Арманып боп қалғансың epік өзіңдей Елігіндей ерке қыз жанымыздың дерті егіз Еркелеппіз ерте біз елік сезімге
Өтер қайғы, өтерсің ұмыта алмайды екенсің Шертіп мәңгі өтерсің күйін басқаның Қайрылатпай қаяу мұң, бағыңды тап баянды Қош бол менің аяулы бұйырмас бағым! Сен мен үшін армансың жанды жаулап алғансың Арманып боп қалғансың epік өзіңдей Елігіндей ерке қыз жанымыздың дерті егіз Еркелеппіз ерте біз елік сезімге