Жас қалам Кездессем нұрлана қараймын Асаудай тулайды жас жүрек Мен сені жаныма балаймын Сен үшін менде бар бір тілек 2 Сені артық көремін басқадан Сүйем деп айтуға жасқанам Жеткізе алар ма жүректің Жан сырын, жас сырын жас қалам 2 Есімде алғашқы сауық кеш Ләззаттың тағдырын өзің шеш Ләйліден айрылған Мәжнүндей Дәл қазір менде жоқ ақыл ес 2 Әлде бір бар шығар сүйгенің Тәкаппар менсінбей жүргенің Оны – зор, мені – қор санасаң Мейрімсіз соққаны жүректің 2 Мен сені жаныма балаймын Сен үшін менде бар бір тілек 2 Сен үшін менде бар бір тілек