Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жақау - Сан ойлар мазалайды [vk.com/adaistan05] | Текст песни

Сан ойлар мазалайды, ойламасам ойлар жайлы,
Көбейіп кететіндей ойымда мұңмен-қайғы.
Сондықтан мен ойға баймын өзгелер ойламайтын,
Кім өлімді көп ойлайды? Қане, шындықтарыңды айтың?!

Мен ойлаймын қараңғы жарығы жоқ қабірімді,
Сол қабірге баратын дайындықсыз әрбіріңді.
Намазсыз өткен әрбір күнді және көп күнәмді,
Төбемнен тарқамайтын тозақи тұманды.
Мен ойлаймын кезінде жасалған ысырапты,
Сол ысырап үшін де мазалай ма деп құлақты.
Қияметтің күнінде сұрақтар болады қатты,
Ең бастысы ойлаймын қабірдегі үш сұрақты.
Муңкар Накир мекендеген суық әлем барзақты,
Сол әлемде сұралатын ұмытылған әр затты.
Өмір тәтті қабірде ұмытамыз сол рахатты,
Болсам дейді екен адам Уысы қара топырақтың!
Мен ойлаймын қияметті, ел толатын тозақты,
Ойланып ойға құлаймын көрмесем де сол жақты.
Адам да отын тас та отын Періштелер от жақты,
Тәубе етпесең азап бар, сәл күнәға он шақты!

Ойларым отқа айналды, тек сөнбейтін,
Миллиондаған көздер бар, оларды көрмейтін!
Ақиқатты көре тұра ойларын жаза алмайды,
Сенде бір ақ ой болса, мені сан ой мазалайды!

Оралып осы күнге ойлаймын жетімдерді,
Африкада аштықтан бұралған жетім елді.
Ойлаған ойларын ұғамын қарап көздеріне,
Ең азы дұғамен көмектеспейміз біздер неге?
Ойлаймын қарттар үйін,қалшылдаған қарттарды,
Ойланса екен қарттардың ұрпағы арттағы.
Көп азап тартқаны көрініп тұр жүздерінен,
Қыстан қалған қар сияқты көп жатып күзде еріген.
Ойлаймын Ауғанды,Дағыстанмен Иракты,
Қаншама әсем қалаларды кәпірлер қиратты!
Сындырып сирақты оқ тиген бастан ми ақты,
Террорларды қырдық деп атып өлтірді ұятты!
Алысқа кетпей-ақ ойлаймын Қазақ елін,
Қаймағын қақырыққа айналдырған қазақ елім.
Дін десе діңкесі құритын кілең керім,
Бір-біріне ұқсап кетті Жезөкше қызбен Келін.
Ойлаймын оңашада бір жинап әлем жұртын,
Кінәсіз ғып көрсетуге тырысады бәрі сыртын.
Неге "Ислам - Террор діні" деп жазады?
Деген ойлар мазалайды деп ойлаймын сені бір күн!

Ойларым отқа айналды, тек сөнбейтін,
Миллиондаған көздер бар, оларды көрмейтін!
Ақиқатты көре тұра ойларын жаза алмайды,
Сенде бір ақ ой болса, мені сан ой мазалайды!

Жақау еще тексты


Другие названия этого текста
  • Жақау - Сан ойлар мазалайды [vk.com/adaistan05] (0)
  • арман юсупов - Сан ойлар мазалайды [vk.com/adaistan05] (0)
  • Жақау - Сан ойлар мазалайды | vk.com/byKZRap (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1