Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жаhан feat Жалғас Исмағұлов | #KRP - Мен тағы қателестім... | Текст песни

Мен тағы қателестім...

Соңғы хат деп айтып едім, екі сөйлеп тағы жаздым,
Сен туралы бұл жолы да ойланарсың болса басың...

1) Иегiмді төмен салдым соңғы мәрте көрген сәтте,
Жанарымды алып қаштым болмасада менен қате.
Әттең намыс жібермеді құшағыма басар едім,
Жүрегімде жылытшы деп, оқуыннан қашан келдің?

Қашанғы енді жалғыз қалам ақ раушаным айтшы маған,
Шыны керек шаршап кеттім айтудан да қайтшы маған.
Білем саған тең емеспін денгейiннен ақылдысын,
Не қыласың серік қылып қарапайым көше ақының.

Айтқандарың әлi есімде ең соңғы сөйлескенде,
Кешір менi сүйем дедің жігітімдi бұрын жүрген.
Ақылдысың деп жүрсем мен мененде өткен ақымақсың,
Кейін ұқтым шындығында тырнаққа да татымапсын.

Әттең достың қарындасы берер едім қарымтасын,
Сүйегіннен өтер сөзді айтар едім артылмас қып.
Бiр Құдайым жарылқасын мейлі маған теріс қарап,
Тағы айтамын бақытты бол не қыламын сені қарғап....

Қайырмасы:

Мен тағы қателестім шалыс басып қадамымды,
Шақырам деп қол бұлғаумен алыс қалған адамымды.
Мен тағы қателестім...

2) Досқа айтуға асық едім қарындасын деп сүйгенім,
Бұйырса болады деп ұлымда сенің жиенің.
Бірақ өмір қырсығады дегеніне көнбей ғойып,
Ұйықтауды ұйғарды ма басқамен бірге бас қойып.

Орынынды кеткен ойып кiм бітейді кiм келесі,
Тыңдаған сен ақымақсың құрбынның ақыл кеңесін.
Бірлесіп бәлкім күлгенсiн саған жазған соңғы хатқа,
Жүгірттiм деп мақтанышпен Нұрқанатты осынша апта.

Ай қайдам бiле білсең менің к*тiм қисаймайды,
Кетсең егер айтатыным маған десең Қытай әрі.
Қайталанды көшірмелер сөзіннің жоқ түп нұсқасы,
Жарайды өтiрiктерiн көпке беймәлім тыс қалсын.

Көздерін салып қысқанның жығылғансын ыңғайына,
Кешірерсiн қатты айтсам батып кетіп шымбайына.
Шынайына келер болсақ сенсiз-ақта бақыттымын,
Ал сен болсаң тауып алшы ханзаданды ақ аттылы...

Қайырмасы:

Мен тағы қателестім шалыс басып қадамымды,
Шақырам деп қол бұлғаумен алыс қалған адамымды.
Мен тағы қателестім...

Бақытты бол бар айтарым, тағы айтамын бақытты бол,
Қайтеміз қоспаса екеумізді тағдыр жолы...
Бақытты бол бар айтарым, тағы айтамын бақытты бол,
Уайымдама, жазылған ән шыныменде бұл "СОҢҒЫ"...

Жаhан feat Жалғас Исмағұлов | #KRP еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2