Жаным-ау қарайсың мөлдіреп - көз моншағым. Сен ғана айтатын елжіреп, сөзді аңсадым. О, менің жүрегім, жүрегім - әппақ арым, Мен үшін жайқалған гүл едің бақта, жаным.
Арманым, мені аяла, Аяла тағы аяла, Жанымның бағын саяла, Сағынғаным! Арманым, мені аяла, Аяла тағы аяла, Жанымның бағын саяла, Жаным, жаным!
От сезім алаулап көзіңде, жүрші алдымда. Мен сүйген мөп-молдір сезімге, кір шалдырма. О, менің жүрегім, жүрегім алып ұшқан, Сол жүрек тапқандай бір емін сағыныштан.