Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жаһан feat Біржан Қалиуллин - Қолыңды бер маған... | Текст песни

Қолыңды бер маған...

Қайырмасы:

Қолыңды бер маған, алда бар ұзақ сапар,
Төбеден Тәңір қаласа алдағы таңым атар.
Өзіңмен жаным, алдағы таңым,
Атады, атады, тек қажет төзім, сабыр...

Сиредi қоңыраулар, сағаттап соғылатын,
Бiз бірге боламыз деген не үшін соқыр наным.
Сенi ойлап қоқырадым иа мен соңғы уақытта,
Сен неге сенгін келмейді тосатын бізді бақытқа.

Барiн басынан бастайық өткенді артқа тастап,
Жүректен сылып тастайық, күмәнді қалыптасқан.
Әйтеуір бiр аспандамыз жұмыр жер олда ортақ,
Жетеді маған солда кетсеңде менен жырақ.

Бірақ та кетем деме мен сенi жібермеймін,
Қараймын келер күнге өзіңсіз үрейленіп.
Үрлей ме олар айтшы араға отты жағып,
Күтемін не болсада ақырғы сотты жаным.

Махаббат ақтайды бәлкім біздерді бірге қосып,
Иә бәлкім менi даттайды, кетеміз бөлек сосын.
Меніңде болғым келеді бiреуге сүйiкті адам,
Құрысын қу дүние қолыңды бер маған.

Қайырмасы:

Қолыңды бер маған, алда бар ұзақ сапар,
Төбеден Тәңір қаласа алдағы таңым атар.
Өзіңмен жаным, алдағы таңым,
Атады, атады, тек қажет төзім, сабыр...

Бақыттың ұшағына, екеуге билет алып,
Алысқа кеттік жаным, мына өмір артта қалсын.
Басқадан бақыт сұрама, мен сенің бақытыңмын,
Онсызда көп жоғалттық, берілген уақытты тым.

Ақпанды қоссақ 5 айдай, жырақта қалып қойдық,
Тұрақсыз сезім ұғымы, тамаққа тірелд(і) тойдым.
Бiздегi үйлену тойдың иiсi келді тәтті боп,
Жібермейм(ін) сенi ешқайда, мен сенi таптым болды.

Ақылға қонымды сөз айт, болмаса үнсіз қалшы,
Бұл өмір көп жылатты, шықпасын енді тамшы,
Бекерге мен үшін... \"Осы әнім сен үшін\".
Ұрладым өзіңді ойлап, тағы да түн iшін.

Үндеме тыныш тұр, айтарым әлі бiтпедi,
Сендегі жалғыз міндет, қоюлап қоймау нүктені.
Күтемін ай ма, жыл ма, қажеті оған жаным,
Қолыңды бер әзірге, айналып тұрсын қаным...

Қайырмасы:

Қолыңды бер маған, алда бар ұзақ сапар,
Төбеден Тәңір қаласа алдағы таңым атар.
Өзіңмен жаным, алдағы таңым,
Атады, атады, тек қажет төзім, сабыр...

Күтеді бақыт алдан, болмаса оған жол салам,
Сол үшін қатты қажетсін қолынды берші маған.
Мәңгіге мәнді өмір, екеуміз ғұмыр кешеміз,
Бұл жолы тағдыр емес, бәрін өзіміз шешеміз....


Жаһан feat Біржан Қалиуллин еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2