Көніліме қарап бақты, қатулы болса кабағым, Кешіре білді әрдайым жіберсем егер ағаттық. Таным атсын деп тілеймін Тәңірімнен көгімдегі, Әрине сол аруыммен түсім емес өнімдегі.
Төгіледі төмен қарай, қос бұрымы қыпша белден, Көз қуантар кашанда да, кигені тізеден төмен. Көлденең бір қылықтарын көрсетпеді ешқашанда, Алғыс айтам Жаратқанға осы үшін әрбір таңда.
Қолды қанға бояуғада әзірмін мен көз жасына, Төңкеремін бар әлемді, жақындауға жәй қасына. Ашылған тек сол бір жанға, құлыптаулы тас жүрегім, Кілтін қайтарып бермеші, тұмар ғып тағып үнемі.
Қайырмасы:
Сені ғана таңдадым қиялдагы ару қызым, Жүрегіме жатталған сенің ғана сұлу жүзің. Тек сен сенi ғана бағалаймын бақытыма, Өзіне ән арнаймын сезім атты жақұт тұнған...
Сендей ару тым азайды, ертегіден ғана таныс, Сол үшінде сенi туған анашына мын бiр алғыс. Әрбір қыздың бар арманы көру Париждi тамсана, Ал сенің жалғыз арманың жұмадан көру баршаны.
Қаншама сұлу қыздардың жылтыраған келбетіне, Жаhaн талай жер жастанды жалғыздықка тербетіле. Жеп бетінде өзін дейін сүйіктім-ау сұлу бар ма? Кескенінді келістірем сұлбасына сұлу жарға.
Арман бар ма бір қарасақ келер күнге үміттене, Өз үйіннен ұзатылып, келін болсаң біздің үйге. Көтеріңкі көңіл күймен, перзентхана алдына кеп, Ән арнасам әдейілеп, анасымен ұлына деп.
Әлде ерте бұл арманға қиялдағы қалыңдығым, Көңіліне ала көрме кезекті бұл жарымдыгым. Армандаған ару қызым бұйырса бірге боламыз, Өз жалғасын табад әлі, махаббатқа толы аңыз. ..
Қайырмасы:
Сені ғана таңдадым қиялдағы ару қызым Жүрегіме жатталған сенің ғана сұлу жүзің. Тек сен... сенi ғана бағалаймын бақытыма, Өзіне ән арнаймын сезім атты жақұт тұнған...
Дәл қазір бақыттымын бөленді жүзім күлкіге, Арманым алдамапты кезінде менен үркіген. Бiр күні ол ылғи..... оятарын тәтті ұйқымнан, Сеземін сол күн келерін болардай сый тосыннан.
Қосылған екі жүрек ұласты ұлы сезімге, Шынайы бақыт дәмін өзіннен ғана сезінем. Сенемін боларына ата-анама жақсы келін, Есімiне қосарланар бұйырса менің тегім.
Қайырмасы:
Сені ғана таңдадым киялдағы ару қызым Жүрегіме жатталған сенің ғана сұлу жүзің. Тек сен... сенi ғана бағалаймын бақытыма, Өзіне ән арнаймын сезім атты жақұт тұнған...