Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жаһан feat Жұбан Ерназар - Тәуелсiз Қазақстан!!! | Текст песни

Тәуелсіз Қазақстан!!!

Тоқсан бірде төмен түсті қызыл ту шалғы орағы,
Құлады алып империя атанған Кеңес Одағы.
Бiздегi жеңiс қолдағы Тәңір берген тәуелсіздік,
Алдағы мақсат ендігі елді қорғау тәуелсіз қып.

Бүгін, ертең, болашаққа, аман сақтау ата-жұртты,
Ата-баба осы сәтті қанша уақыт аңсап күтті.
Тарих бетін артқа түртіп, көз жүгіртсен қойнауына,
Қан мен тердің үлесі көп, бейбіт өмір тойлауына.

Соның бiрi сексен алты, бой көтерген жастар жағы,
Талап етті азаттықты, өз ұлыңа патша тағын.
Желтоқсанның аппақ қары, боялсада қызыл қанға,
Қол жеткіздік көп аңсаған Тәуелсіз боп атар таңға.

Қыршынынан қиылғандар: Сәбира, Ербол, Ләззатты,
Елiм десе емiренген ұмытпа әсте Қайратты.
Сайрап тiлiм тұрмас бәлкім, қазақшалап тап-таза қып,
Барi солардың арқасы, ендеше сенде аза тұт.

Қайырмасы:

Тәуелсіз Қазақстан ұрпағы Алтын Орданың,
Тәуелсіз Қазақстан боламыз сенің қорғаның.
Тәуелсіз Қазақстан ол менің жалғыз Отаным,
Тәуелсіз Қазақстан арналды саған осы әнiм.

Ертеңгі болашақ, бүгінгі жас ұрпақ,
Ендеше елге еңбек ет қол қусырып қарап тұрма.
Тарихтын сахнасын құрар келер күнге әрине бiз,
Демек бiзге қалдырған жөн соңымызга ел үшін iз.

Тізеден кештік саз балшық өткен уақыт өткелінде,
Елiм-ай деп ел жылады Қаратаудың бөктерінде.
Жоңғар қалмақ өктеміне қанша қазақ батырлары,
Шейіт болған бiле-білсең қара жерден жамылғы алып.

Олар өлді келер күнге нық сеніммен үміттене,
Қорықпады қай-қайсыда ажалынан күліп келген.
Жүріп кетті керуеннің соңдарына iлесумен,
Бiзге ғибрат алу керек ұлылардың игi iсiнен.

Жиi есіне алғайсың ата-бабаң жүрген жолды,
Содан кейін қызмет қылғын Отанына бiлеп қолды.
Соңғы демің таусылганша елiне адал боларсың,
Және Жаратқан қолдасын, Ақ үй емес Ақ Ордасын.

Қайырмасы:

Тәуелсіз Қазақстан ұрпағы Алтын Орданың,
Тәуелсіз Қазақстан боламыз сенің қорғаның.
Тәуелсіз Қазақстан ол менің жалғыз Отаным,
Тәуелсіз Қазақстан арналды саған осы әнiм.

Ал енді айтқаныма құлақ түргiн ағайыным,
Айтары бар өздеріне мендегі жан айғайының.
Үзіндісін сыр ғып айтам, он алты жол қатарымда,
Тында, ой түй, қате болса мылтық берем атарына.

Ниетiм жоқ шатағына калдыруды кiм-кiмдiде,
Бірақ бауыр қауіп төнді ертеңіне, елдігіне.
Аз болды ма 2 ғасыр бодандығын Ақ патшаға,
Азаттықтың таның көрмей боздақтар өтті қаншама.

Шаш ал десе бас алатын, кешегі Кеңес құрығынан,
Айтуға да аз- ақ қаппыз, тарадық деп Ленин ұрығынан.
Ал бүгінде бейбіт елде бас қосалмай жүрсің әлі,
Бiрiндi атып, бiрiндi сатып оңбай тұр-ау мына халiн.

Айтарым тек бауырларға бөлінбендер жүзге, руға,
Оның соңы апарады қазақты қолдап құртуға.
Мен үшін маңызды ру қыз алысып, қыз бергенде,
Қалғаны далбаса нәрсе шынтуайтына келгенде.


Жаһан feat Жұбан Ерназар еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1