1)Жеті жыл жетістікке жеткізерге аздық етті, Кезіндегі балуаның көше кезіп азып кетті. Iнiм текті iлеспегiн маған ерме үлгі алма, Боз кілемнің шаңың жұтып уақытынды соған арна.
Ағаң сенің күресіпте қарқ қылмады, жарытпады, Десе дағы сабыр сақта қаңқу сөзді дарытпағын. Үнсіз қалып еңбектенгiн қиындыққа төзіп барлық, Қатарына қосылуға тырыса бiл алыптардың.
Ең ар жағы бар ұққаным бапкер айтқан сөздер есте, Пайдана жарап жатады көшедегi тобелесте. Еркін күрес әдістері еңкейтеді шалқайғанды, Бүктіреді бұзақыны кеуде керіп талтайғанды.
Бірақ байқа iнiшегiм күш көрсетпе әлсіздерге, Жаратқанды ұмытпағын қолға алсаңда қай iстiде. Қорықсан Құдайдан қорық басқасына басынды име, Балуанға жарасады құлы болу Құдай сүйген.
Қайырмасы: Боз кілемнің шеберлері міне нағыз еңбек ері, Өз жемісiң әл-ақ беред маңдайыңнан аққан терін. Кері кетпе не болсада қазағымның балуаны, Мақсатың Олимп шыныңда алтын алқа алу ғана.
2)Олимп ойынында алтын алқа таққан жалғыз, Сонау сексенде Жақсылық атты ағамыз. Одан бері отыз бес жыл уақыт сырғып жылжыды, Бұйырмапты боз кілемде қазаққа Олимп тұғыры.
Ән ұраным шырқалмапты боз кілемнің көлемінде, Сол себепті тау халқының дәу мұрыны көбейгенбе? Алтын құрсақ аналарым азайған әлде айтшы, Бірақ қолдау аз болып тұр ауыл жаққа азбай қайтсын.
Қаншама қара домалақ ауылдан әрі аспайды, Жертөледе жөтелседе жаттығудан ол қашпай жүр. Бағын байлайд осылайша қара күштің иелерін, Клуб, барды толтырғанша жаттығу зал көбейерге.
Iс қылсаншы билік басы жоғарыда отырғандар, Сонда ғана көрер биік көк туынды соқырларда. Балуаны қазағымның не болсада ұмтыл алға, Күш атасын танымайтын Қажымұқан сенің атаң.
Қайырмасы: Боз кілемнің шеберлері міне нағыз еңбек ері, Өз жемісiң әл-ақ беред маңдайыңнан аққан терін. Кері кетпе не болсада қазағымның балуаны, Мақсатың Олимп шыныңда алтын алқа алу ғана.
3)Үлкен спорт жолындағы қазақ бала ауылдағы, Шырқатады әлі-ақ сенем Тәуелсіз ел Ән ұраның. Тауда туып, тауда өскен ол мұсылман бауырлардың, Жауырының жер иіскетер қазағымның балуаны.
Дейтұрғанмен мәселе көп кілемдегі балуанға, Дайын әркез белес өтсе аяғынан шалуға да. Қазағымның осындайы әйтеуір бiр таусылмайды, Бір биікті бағындырса, көре алмай жау санайды.
Жасалмаса бар жағдайы балуан бағы жанбайды, Бабы келіп тұрса дағы күшінің барын салмайды. Бірақ бізге олда жұмбақ спортында бiр саясат, Айтылатын әңгіме аз iштегi шерді жая сап.
Не болсада балуаным таяқ тастам Рио жақын, Олимпиада ойынынан қазаққа керек бiр алтын. Жігер, Дәулет, Нұрлан ағам сендерге үміт артатын, Ұмытпағай саған сенер он бiр миллион қазағым.