Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жақау feat. G-Had & Тарлан - Парақор (2010) | Текст песни

Aset Masta:

Көлік аңдыған иттер көше бойын кезуде,
Іштен жеген ар-ұятты нәпсіменен езуде.
Сөзінің жаны жоқ, қара халықты қанауда,
Сүмеңдеген көзімен ел қалтасын тонауда.
Робин гуд секілді, аш нәпсісін тойдырады,
Көшеде тұрып-ақ құрсағын қандырады,
Ит секілді ырылдап имансыз қазағым,
Қазірғой жаның мәз, ертең-ақ көрер азабын.
Қолыңда жүгенің, жаман айттың демегің,
Өмір заңдылығы сол - "желкеңнен шығар жегенің"
Көлік-жолдың патшасы, даңдайсыма шалқайып,
Бұл айып еске түсер, қалғаныңда қартайып,
Сырттан қарашы өзіңе - табанбет, кір жұқпас,
Домаланған мес қарын, тілсеңде қан шықпас,
Елді ойлаушы сен емес, билігің бар қолыңда,
Пара беріп алынған отырған орныңда !

Аль Nasr
Ауыр дертке шалықтың-ау халқым,
Жүректегі анау рухың алқым-салқым.
Оқтын-оқтын сөнуде иман,
Тәңірге арнаулы ісіңді айтшы кімге саттың.

Бір іс келмес қолыңнан, оның шешімі пара...
Екі араға бір пайда, оның шешімі пара...
Тіршілік көзі ала, сатылды тіпті дана,
Істің бәрі болды қара...

Пара беріп жапқызар,
Пара беріп ақ қызарар.
Гипакраты тілінде,
Парасыз қалай бет бұрар.
Олар жеңіл ақшаға құмар
Топ-топ-топ адамдар сатты ар.

Па-ра-қор,
Биледі жүректі.
Биледі түнекті,
Кеміреді етті.
Кірледі ниеті.
Пенде болды қор,
Қап-қара сыбайластар қолы жемқор

Келбеті нас-нас
Кері кет қаш-қаш,
Несібеңе жазбаса.
Алғаның ризық болмас,
Қанағаты жоқ шүкірсіз
Адамдар енді амалсыз па-ра-қор

Жақау feat. G-Had & Тарлан еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2