Қалың елім, қазағым қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май болды енді екі ұртың.
Ей қазағым, қалғыма! Сен кімдерден кем едің? Қаратаудай қадірлі, Алатаудай өр едің... Телің менен тентекті тезге салған ел едің... Кемшілікті түзеші, тізіп айтып беремін. Он жеті миллион қазақпыз, қарасам егер үңіліп, Жетімдеріміз қаншама, ойласам кетем түңіліп, Жесірлеріміз қаншама, кететін көзің сүрініп, Қылмыскерлер қаншама, түрмеге қалған тығылып, Нашақорлар қаншама, күнаға батқан былығып, Бүтін болудың орнына, ыдырап жүрміз бүлініп. Аманында ай-күннің, бірлік қылмай жұмылып, Жүргендерді айтайын, "қара тізімге" ілігіп.
Алиев Рахат қашып жүр, айрылып барлық рахаттан, Отанынан безіп жүр айрылып абырой атақтан. Аблязов Мұхтар жүр айнымай сатқын жігіттен, Ка плюс (K+) ашып арнасын, еліне қарап күдікпен. Сыртта жүріп бүлікпен, ішімізді іріткен, Ел тонаған ерлерің батпаққа батар былықпен. Елін сатқан ерлер көп, тек қана өзім-өзім деп, Қазақтар сатып жатқан соң, Храпуновқа сөзім жоқ... Осылардың қайсысы ұйқы беріп, қайғы алды? Лайлап кетті ұялмай "көңіл" дейтін айнаңды. Түсінбеймін ел сатқан, кеудесі кедей байларды, Сыртымыздан тас атып, дұшпаныңа айналды. Құмарың қансын айтайын, құлағың маған түріңдер, Өзімізде де жетеді қастандық қылып жүргендер. Тура сөзді айтпасам, кетсін тілім кесіліп, Ертеңіме алаңдап жүрген жанмын шошынып!
Сақтан Алаш, сақтан ел, ессіздер жүр есіріп, Ерғалиева Гүлжан жүр интернетте шешініп. Ұятсыз биді дәріптеп, Сыздықова жүр көсіліп, Шығарады осылар қандай ұл-қыз өсіріп? Жұмақұлов Бақытжан, министер боп отырған, Тілім, дінім дегенге, азу тісін батырған. Орамалды талай қыз оқудан шығып аһ ұрған, Ал бірақта қоғам ғана дандығуын татырған. "Harlem Shake" биін билеп, адасып жүрген ақылдан, Жын ұрған студенттерді шығармады оқудан. Ал қазақтың киносы іші іріп-шіріп тұр, "Келін" деген фильмің ұятсыздыққа бығып тұр. "Шал" дейтұғын кинода арамдыққа тұнып тұр, Немересін "шайтан" деп тәрбиені бұрып тұр. Осыларды түсірген Тұрсын Ермек құрып тұр, Қазақфильм студиясы "Мазақфильм" қылып тұр. Самақова Айтгүлің айтқан сөзді ұғама? Мектеп оқушыларын тарпақ болып күнәға, Жыныстық қатынас жайлы оқытсақ деп сірә да, Аналардың аузынан осындай сөз шығама? Депутат Айқын Қоңыров көтерді қызыл жалауды, Ленинді қорғап тұтатты атеистік алауды.
Ал Жұматай Алиев, оғанда айтар нала бар, "Атеизм" сабағын оқыса дейді балалар. Адасты екен неліктен, ел сайлаған ағалар? Бұ