Жақау. Жастар қалайды бірлікті, Татулығы бар ел – мықты. Міне бізге керегі, міне біздің бақытымыз! Мінеки, е!
Қайырмасы: Бөлек болса да ұлтымыз бен дініміз, Бөлек болса да салт, дәстүр мен тіліміз. Төбемізде бір ту, тек сөнбесін күніміз, Бірлікке шақырайық бірімізді-біріміз.
1. Қазақстан - достық елі, түрлі ұлттың мекені, Сол ұлттардың бірлігі бізді қуатты етеді. Онсыз да қуатты елміз бірлігіміз жарасқан, Тілегіміз бір, ашық болсын көк аспан. Аулақ болғай жау, дұшпан, қанды соғыс, Жоғалмасын салт, дәстүр, ұлттық болмыс. Ұрпағымыз азбасын, уайымдаймын өз басым, Көрмейікші еш уақыт әлем ұлтының көз жасын. Ала ауыздық болмасын түрлі ұлттың арасында, Мейірімділікпен қараса екен бір-бірінің баласына. Себебі, ұрпағымыз бәріміз бір адамзаттың, Осындай бір қағиданы Исламнан іздеп, таптым. Аналар әлдилесін бесігінде сәбиін, Осы қуаныш мекендесін Қазақстанның әр үйін. Осы бір халық дүйім, тұрғындарын Қазақстанның, Тек бірлікке үндейді осы бір шумақ әнім.
2. Қазақстан – жалғыз Отан саған да маған да, Қазақстан – қонақжай ниеті түзу әр адамға. Жетейікші армандарға ата-бабалар қиялдаған, ...Сол қиялдар қымбат маған. Маңызды емес маған тілің және дінің, Мықтылап байлайықшы бірлік туының жібін. Көтерейік бірге жүгін тағдыр салса арқамызға, Жастар барда жалынды жүкті елге артамыз ба? Әлбетте қуаттымыз сынақтарға төтеп берер, Талай биікті бағындырамыз, бірге болсақ біздер. Біздер салған іздер қалар тарихта таңба болып, Осылайша бізге жеткен ата-бабалар жолы. Олай болса бірлігіміз биік болсын қырандай, Мен әлемге жар саламын Қазақстан деп ұрандай. Бірігіп оятайық 2030 барысын, Елді бірлікке шақыру – бұл да сенің парызың.