Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жақау - Жақаудың жыр жолдарынан | http://vk.com/idgounited | Текст песни

Жақаудың жыр жолдары,
Жұрт айтады жынды-жынды.
Жақау жұлдыздан жоғары,
Жұрт айтады жынды-жынды.
Жақау жырдың автоматы,
Жұрт айтады жынды-жынды.
Жақаудың жынды жамағаты,
Жынданғаннан да жынды.

Жақаудың жаңадан жарқырап жұлдызы жанды,
Жыртып жүрмін жұлдыздарды жындылықпен жалпы.
Жарты жаным жарты, жақсылықпен жамалған,
Жамандықтан жұттанасың жүзіңдегі жанардан.
Жақау жырмен жан алған, жаным жырақ жанжалдан,
Жүректегі жағдайды жөндейміз жай-жайдан.
Жырларым жойқын жолда, жәйла! Жақындама!
Жұлдызды жұптар ғана жаныма жақын ғана.
Жыртылма! Жиіркенішті! Жұдырық жетті жаныңа,
Жақаудың жыр жолдарын жарқыратшы жадыңда.
Жыр жалғаған жыр жолы жалғасуда жарысып,
Жалғандар жыландай жағама жатты жабысып.
Жартысының жағы сынып, жұқарып жіптей жүйкесі,
Жерде жатты жыланып жабысып жерге желкесі.
Жылдарды жылжытып жыр жасап жамағатқа,
Жазықсыз жанымды жуытпай жаман атқа.
Жақсылар Жәннәтта! Жамандар Жәһаннамда!
Жақсылық та жамандық жаныңа жақын маңда.
Жақындаңдар жақындаң жаныма жиналып,
Жаңа-Өзендік Жақауда жеткілікті жаңалық.
Жанымды жұлқылайды жылан жалап жұтқыншақты,
Жетеріме жеткенше жұртқа жазам жыр пышақты.
Жетер! Жеткілікт! Жиғаным жұрттың жадында.
Жақаудың жамағаты жыртады және жақында.
Жарқыраса жанарыңа жалюзиды жайлап жап!
Жер жаһан жарықтанғанша Жақауды жібер жайрақ жап!
Жақауға жарасады жұлдызданып жымиғаны,
Жақында жарқырайды жұртты жинап жыр жинағы.
Жұлдыздай жанып жоғаламыз жаратқанға жалынсақ та,
Жалынды жыр жолдары жалпы жағып жатыр.

Жақаудың жыр жолдары,
Жұрт айтады жынды-жынды.
Жақау жұлдыздан жоғары,
Жұрт айтады жынды-жынды.
Жақау жырдың автоматы,
Жұрт айтады жынды-жынды.
Жақаудың жынды жамағаты,
Жынданғаннан да жынды.

Другие названия этого текста
  • Жақау - Жақаудың жыр жолдары (минус) (0)
  • Жақау - Жақаудың жыр жолдары (минус) (0)
  • Жақау - Жақаудың жыр жолдарынан | http://vk.com/idgounited (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-