Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жақау - Жақаудың жыр жолдарынан (Ж. Ж. Ж.) | Текст песни

Қайырмасы:
Жақаудың жыр жолдары, жұрт айтады: "Жынды, жынды"
Жақау жұлдыздай жоғары, жұрт айтады: "Жынды, жынды"
Жақау жырдың автоматы, жұрт айтады: "Жынды, жынды"
Жақаудың жынды жамағаты - жынданғаннанда жынды.

Жақаудың жаңадан жарқырап жұлдызы жанды,
Жыртып жүрмін жұлдыздарды жындылықпен, жалпы.
Жарты жаным жарты, жақсылықпен жамалған,
Жамандықты жұтынарсың жүзімдегі жанардан.

Жақау жырмен жан алған, жаным жырақ - жанжалдан,
Жүректегі жағдайды, жөндейміз жәй-жәйдан.
Жырларым жойқын жолдан жәйлі, жақындама,
Жұлдызы жоқтар ғана жаныма жақын ғана.

Жыртылма, жеркенішті, жұдырық жетер жағыңа,
Жақаудың жыр жолдарын, жарқыратшы жадыңда.
Жыр жалғаған, жыр жолы жалғасуда жарысып.
Жалғандар жыландай, жағама жатыр жабысып.

Жартысының жағы ісіп, жұқарып жіптей жүйкесі,
Жерде жатты жыланып, жабысып жерге желкесі.
Жылдарды жылжытып, жыр жазсам жамағатқа,
Жазықсыз жанымда жуытпай жаман атқа.

Жақсылық Жәннатта, жамандар Жәханнамда,
Жақсылық та, жамандық жаныңа жақын маңда.
Жақындаңдар, жақында, жаныма жиналып,
Жаңаөзендік Жақауда жеткілікті жаңалық.

Жанына жұлқылайды, жылан жалап жұтқыншақты,
Жетеріме жеткенше, жұртқа жазамын жыр пышақты.
Жетер, жеткілікті, жиғаны жұрттың жадында,
Жақаудың жамағаты жыртады және жақында.

Жарқыраса жанарыңа, жалюзиді жәйлап жап,
Жер жаһан, жарық таң атқанша Жақауды жібер жәйрақ жап.
Жақауға жарасады жұлдызданып жымиғаны,
Жақында жарқырайды, жұртты жинап, жыр жинағы.

Жұлдыздай жанып, жоғаламыз, Жаратқанға жалынсақ та,
Жалынды жұрт жолда да, жалпы Жақау жақта.

Қайырмасы:
Жақаудың жыр жолдары, жұрт айтады: "Жынды, жынды"
Жақау жұлдыздай жоғары, жұрт айтады: "Жынды, жынды"
Жақау жырдың автоматы, жұрт айтады: "Жынды, жынды"
Жақаудың жынды жамағаты жынданғаннанда жынды.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-