Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жақау - Көлікте шайқал | Текст песни

Жақау:

Ассаламу алейкум, Уа алейкум ассалам
Бұл тректі көлігіңе арнап жаздым мен саған
Сен қандай көліктесің Туарег әлде Бумер
Прадо, Мини Куперде қосулы болсын буфер
Пакет толы KFC, Пепси, донер, МАК бургер
Бак толы, салонда достар, демек бәрі супер
Түтегің келіп отыр білем, жетіспейді балык
Осы күнде кеуіп жүр шеккіш мына халық
Болсам дейсің қарық, қарқылдап күлсең көше жарып
Қымбат болса да соңғысын алып кетсек дейсің барып
Одан әрі арық әп-адемі қыздар болса
Қып-қызыл ернінен бөлек қалтасынан ақша сорсаң
Түнімен клубта шайқалып сылтаулап үйіне барып қонсаң
Жүрек қалтасына жол тапқан шеберсің альфонс
Туған күніңде клубта демалып ақша шашасың
Елемейсің еңбегін, әкеңнің ақшасын, тышасың
Түнде қызып қаның атанасың стритрейсер
Газ беріп спидометрді 180 ге тірейсің
Қызылды көрмейсің, арзан көлікті менсінбейсің
Уақытында тоқтамасаң моргқа барады рейсің
Бұл трекке шайқалуда бас қала Астана
Дәл осындай трек керек Алматылық жастарға
Шайқалуда Қызылорда, Ақтөбе, Шымқала
Шайқалуда Саян Руслан, шайқалуда мың бала
Шайқалуда Атырау, Жаңаөзен ай сау, сау
Шайқалуда Орал, кәрі Каспий, Ақтау
Шайқалуда Қостанай, Қарағанды, Жезғазған
Форт-Шевченко, Бейнеу, Құрық шайқалуда аз-аздан
Петропавл, Павлодар, шайқалуда Көкшетау
Қаратөбе, Ақсай , Тайпақ, шайқалуда сау сау
Шайқалуда Семей, Тараз, Түркістан, Жетісай
Шайқалуда Шетпе, Сенек мұнайға бай Жетібай
Ерекше шайқалуда Шу, шөпке бай
Монголия, Қарақалпақ, Өзбек пен Қытай
Шайқалуда Екібастұз, Талдықорған, Шалқар
Шайқалуда тындарман кигендер кең шалбар
Шайқалуда Арал, Қаскелең, Өскемен
Шайқалғанмен не береміз ұрпаққа өскелең
Бірақ айтшы қайда шайқап бара жатыр бос денең

Сірә тозаққа сүйреп барады иманы әлсіз бос денең
Біле білсең азғындыққа бұйырмайды дос деген
Қияметте жәннатқа кіресің діндар доспенен
Жүрегің дінді қаламаса бар бәле өзіңнен
Түсінсең меннен насихат аяқтаймын осымен

Көлікте көлікте шайқал, бірақ Байқа!

Шайқалуда Ауди, Джип, Лексус, Мазда
БМВ, Субару, Хаммер, Ниссан Прада
Шайқалуда Бентли, Фольксваген, Ягуар
Шайқалуда Дэу, Крайслер, Хонда тағы бар

Диди:

Шайқалуда Митсубиси, КИА, Шеврале де
Крузак, Приора, Туарек, Порш, Кабриолет те
Шайқалуда Ламборджини, Пежо, Мерседес те
Шайқалудың арты тозақ екенін сақта есте

Шайқалуда универде, көлікте тіпті көшеде
Шайқалуда сахнада рэпер, әнші, бишілер де
Шайқалуда биалаңда дэнс және брейкке
Шайқалуда министр Гарлем шейкке
Шайқалуда үйде, ешкім жоқта оңашада
Шайқалуда қап-қара ауылдан келген құдаша да
Шайқалуда бә бә бәрі, жас пен кәрі, табылмады әлі
Шайқалуды тоқтата алатын дәрі

Шайқалуда қол-аяқ, он екі мүшең бірге
Жұлынып кетпесін абайла басың 3 метрге
Шайқалуда бум-бум, дәл осылай таң атқанша
Шайқалуда есіріп құлағынан қан аққанша
Шайқалуда бас, шайқауда шынтақты
Сырт көзге айтарсың: « Ееее, мыналарды внатуре жын қақты»
Шайқалмас едіңдер егер білсеңдер шын хақты
Осымен аяқтайын міне сіздерге жыр нақты!

Жақау еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1