Айтқым келіп өзіңе, айта алмай, Күйзеліске түстім қайталай, Мүмкін саған оңай, қиып кетем қалай, білмедім. Мүмкін, көңіл суыды – сол себеп, Біле білсең, орының тым бөлек, Келші құшағыма, кеудеме қысайын соңғы рет.
Қ-сы: Түрлі ой тұсауынан қиындау босау маған, Мүмкін болса, көрінбеші көздеріме. Ғайып бол, ғайып бол, Ғайып бол, ғайып бол.
Сезінші бір сәт жүрек үнін, Қалайша жеткізем оның мұңын, Жан дауысы саған жете алмаса мүлдем бағытына? Жүрекке әмір жүрмес мүлдем, Бір емес тағдыр, соны білем, Екі түрлі өмір, бейнесін бейнелеп бояса.
Қ-сы: Түрлі ой тұсауынан қиындау босау маған, Мүмкін болса, көрінбеші көздеріме. Ғайып бол, ғайып бол, Ғайып бол, ғайып бол. Ғайып бол, ғайып бол, Ғайып бол, ғайып бол. Түрлі ой тұсауынан қиындау босау маған, Мүмкін болса, көрінбеші көздеріме. Ғайып бол, ғайып бол, Ғайып бол.