Армысың ата-әже қариялар Елімнің шежіресі дәриялар Армысың аға-жеңге белестерім Ақылшым маған берер кеңестерін Армысың құрбы-құрдас , жолдастарым Өзімнің бірге ойнаған құрдастарым Осындай достарымның тойларында Өзімше осылай бір ән бастадым! Атасы жақсы қандайды Перзент қамын ойлайды Перзентім адам болсын деп Қылығына тоймайды! Анасы жақсы қандайды Қамқорлығы таудайды Қалқам деп шықса алдыңнан Кеудеңде қайғы қалмайды! Ағасы жақсы қандайды Алдыңда асқар таудайды! Сүйенгенде сүйеніш Құлағанда қолдайды! Інісі жақсы қандайды Айтқан бір тілді алғайды! Ақылменен іс істеп Бетіңе күйе салмайды! Қарындас деген мейманды Сірә дә қапы қалмайды Қиын іс түссе басыңа Туысқан қамын ойлайды!!!
Жеңгесі жақсы қандайды Шаршап бір келсең жұмыстан Төсегін қалың салғайды! Келіп тұрса ашуың Айналайын Мырзаш деп Басыңнан сипап алдайды! Ағайын жақсы қандайды Туысқандығы қалмайды Жездесі жақсы қандайды Әкеден кемі болмайды! Ағасы жақсы қандайды Үзілген жерді жалғайды! Жиені жақсы қандайды Бөліп бір жеген нандайды! Осының барі бар болса Есен де аман сау болса Айналайын жақсылар Бақдәулет келіп басыңа Жүз оралып қонбайма?!!! Игигигай,Игигигай,Игигигай ИгигигайХо-оу!!!!!!!!