Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жазира Байырбекова - Майлыкожанын термесі [www.kazamuza.net] | Текст песни

Армысың ата-әже, қариялар

Елімнің шежіресі, дариялар

Армысың, аға-жеңгей, белестерім

Ақылшым, маған берген кеңестерің.

Армысың, құрбы-құрдас, жолдастаым,

Өзімнің бірге ойнаған құрдастарым.

Осындай достарымның тойларында-ей

Өзімше осылай бір ән бастадым.

Атасы жақсы қандай-ды

Перзент қамын ойлайды

Перзентім адам болсын деп

Қылығына тоймайды.

Анасы жақсы қандай-ды

Қамқорлығы таудай-ды

Қалқам деп шықса алдыңнан

Кеудеңде қайғы қалмайды.

Ағасы жақсы қандай-ды

Алдыңда асқар таудай-ды.

Сүйінгенде сүйініш, құлағанда қолдайды

Інісі жақсы қандай-ды

Айтқан бір тілді алғай-ды

Ақылменен іс істеп

Бетіңе күйе салмайды.

Қарындас деген мейман дос

Сірә да қапы қалмайды,

Қиын іс түссе басыңа

Туысқан қамын ойлайды.

Жеңгесі жақсы қандай-ды

Шаршап бір келсең жұмыстан

Төсегің қамын салғай-ды

Келіп тұрса ашуың

Айналайын мырзаш деп

Басыңнан сипап алдайды.

Ағайын жақсы қандай-ды

Туысқандық қалмайды

Жездесі жақсы қандай-ды

Әкеден кемі болмайды.

Жиені жақсы қандай-ды

Бөліп бір жеген нандай-ды

Нағашы жақсы қандай-ды

Үзілген жерді жалғайды.

Осының бәрі бар болса,

Есен де аман сау болса

Айналайын, жақсылар

Бақ-дәулет келіп басыңа

Өзі оралып қонбай ма?

Другие названия этого текста
  • Жазира Байырбекова - Майлыкожанын термесі [www.kazamuza.net] (1)
  • Жазира Байырбекова - Майлықожаның термесі [2014] (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-