Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жазира және Жанболат - Бақыт құшағында | Текст песни

с. Т.Молдағалиев
ә. Ш.Қалдаяқов

Көзіңнен бір ұшқын
Ұшты ма білмедім
Әйтеуір нұр құштым
Әйтеуір гүлдедім
Көктемнің бұлбұлы
Кеудеме қонады
Құшаққа қыр гүлі
Толғандай болады

Кел билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған

Әнбісің төгілген
Жырмысың армандай
Бір бақыт көрінген
Жақындап қалғандай
Жанарың ұшқыны
Жүректе жанады
Қолыңның ыстығы
Қолымда қалады

Кел билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған

Мен бүгін бұлақпын
Ілгері жүгірген
Бір нәзік шуақпын
Жаныңа үнілген
Сүйемін мен күнді
Көңілді жалынды
Сен биле еркімді
Әлдиле жанымды

Кел билейік, кетпе менің қасымнан
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған
Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды
Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған

Другие названия этого текста
  • Жазира мен Жанболат - Бақыт құшағында (1)
  • Жанболат пен Жазира - Бақыт құшағында (1)
  • Мақпал Жүнісова - Бақыт құшағында (0)
  • Шәмші Қалдаяқов - Бақыт құшағында (0)
  • Жазира және Жанболат - Бақыт құшағында (0)
  • Меломен - Бақыт құшағында (0)
  • Жаңболат пен Жазира - Бақыт құшағында (0)
  • Макпал Жунусова - Бақыт Құшағында (0)
  • Мақпал Жүнісова - Бақыт құшағында (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-