САҒЫНЫШ САЗЫ
Әні мен өлеңі: Гауһар Әлімбекова.
Табиғат тұр тамылжыған таң алдында
Тағы да жадыма сен оралдың ба?
Қиял шіркін тек өзіңе асығады
Сан тарау жол тұрса дағы алдымда.
Қайырмасы:
Екеуміз екі жақта
Сағындым ғой, сағынды жүрегім.
Сүйем деген сөзіңді
Қуат етіп жүремін.
Өмірімнің тұп-тұнық бұлағысың
Сездірмей өтті талай жыл ағысын
Кете бардың алысқа арман қуып
Қимастықтан жүрегім жылады шын.
Қайырмасы:
Не жетеді бақытты сол бес күнге
Бұл сезімді бастан сен де кештің бе?
Біздегі алаулаған от-жалынды
Өшіре алмас сірә, енді ешкім де.
۞ЖАЙНА۞ еще тексты
Другие названия этого текста
- Гаухар Алимбекова - Сағындым гой сени (0)
- ۞ЖАЙНА۞ - Сағыныш сазы (0)
- Венера Тұрғын - Сағыныш сазы (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1