Жайық Кеңесбаев - Сүйкімдісің (new 2015)
Əнін жазған : ЖайықКеңесбаев
Сөзін жазған : Азамат Есім
1.Тамшы боп түспейсің-ау жер бетіне,
Таң қалам сүп-сүйкімді келбетіңе
Жап-жарық айым болып жарқырағандай
Елігім айналдың-ау сен дертіме
Бақыт боп сен бағыма қонасың ба,
Ақ құсым тек бір өзің боласың ба
Бақытты қылар адам сен тек мені
Жоқ оған бұл өмірде таласымда
Қ-сы:
Жүрегім көңілімнен күй тудырсын,
Көруге асықпын мен күлкіңді шын
Ғаламның сұлулары тең келмейді
Өзіңе жарығым-ау сүйкімдісің.
2.Барайық пәк махаббат қаласына,
Не жетсін сезімдегі жарасымға
Аяулым әрқашанда өзіңменен
Дайынмын асулардан әрі асуға.
Тамсанам айдай тұнған мен көркіңе
Жүрші сен құшағымда тербетіле
Періштем бір өзіңсің жүректегі
Бағыншы сезімімнің сен еркіне
Жайық Кеңесбаев еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1