Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жакау және Диди - Көзімнің қарасысың | Текст песни

Жақау:

Көзімнің қарасысың, қоштасып барамысың
Ауылыңнан ұзатылып өзге жұртқа
Қимастық, мұңылық па, дерт педі маған жұққан
Жан қоярға жер таппадым қызғанып сені сырттан
Ынтықпын сұлулыққа тек қана өзіңдегі
Саған қарап тұра берсем ұстай алмас төзім мені
Бәлкім бұл мезгіл ме еді, күз бе еді сезімдегі
Мен өзіңе шөлдеп барам, болшы менің бозінгенім
Шық жастар көзіңдегі тамшы боп үзілгені
Жүрегімде қалып қойған сол сәттен үзінді еді
Батыл бол жасыңды сүрт алма шырай жүзіңдегі
Сен өзге кемеге міндің жете алмаспын жүзіп енді
Мазалайды түсім мені, жаным түсін мені
Қиялдағы аруыма айналдың түсімдегі
Еңсеңді түсрме енді, құтты болсын орамалың
Сен өзгенің бақытысың қайтем енді жоқ амалым

Қайырмасы:

Көзімнің қарасы
Көңілімнің санасы
Бітпейді іштегі
Ғашықтық жарасы.

Диди

Орамалдың ішінен қыздың жасы толы жасқа
Шын ғашықтар қосылмайды дегенің рас па
Қойған екен атастырып бар ма екен амал басқа
Алып кетуге келді бір ақсақал 80 жаста
Қиялмадым іштей жанып өртенгендей
Жарқыраған күн де қабақ түйіп түнергендей
Біздің тағдырымыз жазылмаған бір болуға
Қозы – Көрпеш, Баян –Сұлу, Кыз-жібек пен Төлегендей
Құшақтап құс жастықты қалдым жалғыз,
Бақыладым алыстан бара жаттың ұзап алыс
Шығарып салды тума туыс, тамыр таныс
Қол былғады әке-шешең, қайтсын мені
Жарлы бала кедейліктің күнін кешкен
Көзімнің қарасы жанымда едің күні кеше
Қиын екен қоштасу сүйгеніңмен ал ендеше
Жасыңды сүрт, қош бол сәулем есен аман кездескенше

Қайырмасы:

Жылайын, жырлайын
Ағызып көз майын
Айтуға келгенде
Қалқама сөз дайын

Другие названия этого текста
  • Жакау және Диди - Көзімнің қарасысың (0)
  • Диди және Жақау - Көзімнің қарасы (Елім-ай) (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-