Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жаксыбек Азамат - Коздерiмнiн нуры едiн [www.ori-kuan.kz] | Текст песни

Көздеріңде тұрған қайғы,
Жүрегіме із қалдырды.
Сені жаным ұмыталмай,
Осы әнімді мен арнадым.

Лезде ұштың көз алдымнан,
Үнсіз жылап қарап тұрдың.
Қимай қимай қол бұлғадым,
Қолым жетпей жалғыз қалдым.

Сөнген сезім неге тағдыр?
Өмір неге сонша қиын.
Құстай болған көгершінім,
Бір көрінші көзіме тым.

Лезде ұштың көз алдымнан,
Үнсіз жылап қарап тұрдың.
Қимай қимай қол бұлғадым,
Қолым жетпей жалғыз қалдым.

Көздерімнің нұры едің,
Жалғызым ау сүйіп едім.
Неге мені тастап кеттің сен,
Көздерімнің нұры едің,
Жалғызым ау сүйіп едім.
Неге мені тастап кеттің сен,

Елес болып кей уақытта елестейсің
Маған қарап сен жаным күлімдейсің
Оралшы деп қол созып шақырсамда
Бірақ менің жаныма сен келмейсің
Күнде барам,күнде барам қабіріңнің қасына.
Көз жасымды білдіртпейм,бірақ жүрек жылауда.
Тағдырымның болғаны осы ма еді?,
Сүйгенімді мəңгіге ала кетті...
Сені сүйген кезімде бақытты едім шынында,
Махаббатың тасына шыға алмадым расында.
Неғып мені ойламай тастап кеттің жалғыз.
Сенен артық кімім бар, махаббатым жауапсыз.
Көз жасымды білдіртпей іштей жүрем сағына.
Гүл құшақтап, күнде барам қабіріңнің қасына
Сол оқиға сол бір жер көлік апаты болған
Қарғыс атқыр махаббат сүйіктімді жалмаған.
Жаратқан алып кетті жарық өмірден ерте
Жансыз денеңді құшақтап, тапсырдым қара жерге
Алыстап кеттің менен қазір бəлкім аспандасың
Бұлттардың ар жағынан сағынышпен қарайлайсың.
Сен кеткелі өмірден жабырқаулы көңілім.
Кейде күліп,бірде жылап таңдарымды атырдым
Сені көрем тек қана сурет жəне бұлттардан.
Сағындым күлімсіреп сол сəттерде құшақтаған...
By Курелова_Арманай

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-