1) Жаныңда бола алмасам, қиын бір кезде, Шын бақыт келер бір күн, үмітті үзбе. Ренжімеші сен маған, өкпелетсем кешір мені, Аққуымсың сыңарым, ғашығым сүйемін сені
Қ – сы
Келші менің жаныма саялы бағым, Келші жаныма. Қоншы менің қолыма аяулы жаным, Қоншы қолыма.
Бұл жалғанда, сендей жан бар ма Ойларым тек сен деп қалған ба? Жалғасып арманға, арайлы таңдарда, Аяулым келші жаныма!
2) Еркелеп сен жүре бер, қасымда мәңгі, Сүйіктім мен арнаймын, осы бір әнімді. Аяулым–ау ренжіме, өкпелетсем кешір мені, Аққуымсың сыңарым, ғашығым сүйемін сені
Қ – сы
Келші менің жаныма саялы бағым, Келші жаныма. Қоншы менің қолыма аяулы жаным, Қоншы қолыма.
Бұл жалғанда, сендей жан бар ма Ойларым тек сен деп қалған ба? Жалғасып арманға, арайлы таңдарда, Аяулым келші, келші, келші жаныма!