Тыңда бауыр қазақпыз ғой алаңдама, тартынба, Ақиқатты ашық айтқан жырау Жанды ал тыңда. Қазақ едік қара нанды бөліп жеген нар тұлға, Әттең қазір ағалар жоқ тіреп тұрған артымда?!
Көбеюде жас аналар балаларын тастаған, Айыптаймыз оларды біз, санасыз деп аспаған. Бұл жағдайға кінәлі тек сасық ойлы жігіттер, Аңқау қызды алдап-сулап пәктігін кеп ластаған.
Талай еркек ләззат үшін қазақ қызын үгіттеді, Намыс қайда қайда кетті нағыз қазақ жігіттері. Бүгінгінің еркектері батыр емес, қоян жүрек... Болатынын Наурызбай мен Қабанбайлар біліп пе еді?!
Қазақпыз ғой сырға таққан әншілерді қолдаймыз, Корейлерге еліктейміз, мүсіндерін сомдаймыз. Еркек сымақ, қатын тектес 91 деп жар салдық, Ей қазақтар бүйте берсек, ел болмаймыз оңбаймыз!
Қазақпыз ғой 5 ке толған қаршадайды зорлаймыз, Ақшасы бар қылмыскерді қамамаймыз қорғаймыз. Қазақпыз ғой қолы қысқа, қос қанаты қырқылған, Өкіметтің қамап қойған торындағы торғаймыз!!!
Депутаттық сайлау дедік, дауыс жинап бата алып, Әншілер жүр мақтанып, ХЕХ кандидат атанып. Сол әншілер біле ме екен, кедей қазақ жағдайын Қайда кетті айтыңдаршы Ринат пенен Шаханов??!!
Қазақпыз ғой өзге елдер қол шошайтып мазақтар, Бәрімізің бағымызда арылмайтын азап бар. Байқоңырдай алып ғарыш аймағынан не пайда?! Өз жерінде космосқа ұша алмай жүр қазақтар!
Əкім қайда қазақ дейтін намысы бар ел сенген?! Қазақпыз ғой қара нан жеп тұрмысымыз теңселген. Бәрі білет бұл күндері жас маманның білімі, Ақшасы бар \"көкелердің\" беделімен өлшенген.
Көп көкелер баяғыда безінген ғой ардан анық, Қазағымның қара көзін қақшитты олар зарға малып. Шет елдіктер шалқаяды, басқа шығып, шырт түкіріп- Қазақтар жүр үй таба алмай əр пəтерді жалдап алып.
Уақыт өте ХЕХ кімнің кім екендігін ар айқындар, Қазақтар бар жануарды сүйіп күйіп жалайтындар. Детдомдағы жетімді емес, мысық итті асыраған- Қаладағы қазақтарды иттен төмен санайсың ба?!...
Қалай дейін қазақты байқұс демей соқыр демей? Жүрегі асыл, халқымның, беті тірі еті кедей. Бір болайық есте болсын бөлінгенді бөрі жейді, Қара да тұр, таң қалмаңдар ертең мені өлді дейді!!!!
Қазақпыз ғой, ұлтын сүйген ұлыларды мал дедік, Рэпке қосып шындық айтқан Ахмадиев жау дедік. Ғаламторда батыр болып, мені жаман дегенше... Дәтің жетсе, жүрегімді жұлып-тіліп ал келіп!!!