Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

ЖАН АХМАДИЕВ МЕН БАТЫРХАН - Оян, Казак, Оралман (Single 2016) | Текст песни

ЖАН АХМАДИЕВ / Part 1:
Көріп жүрмін қазақтарды өз қандасын бөтен деген,
Оралман деп айыптаймыз өшің бардай өтелмеген.
Шекарадан өткізбейміз, тонап жүрміз қандастарды
Басқа елден отанына сағынышпен жетем деген.
Кім, кінәлі айтшы, өзге елде туғанына?
Ей қазағым, қандасыңды дұшпан көріп қуғаның ба?
Соңғы кезде шет елдегі бауырларды жау санадық
Отаным деп оралатын қазақтарды мал санадық!
Бөтен елде қанымыз бір қандастарым қаңғып жүрсе,
Шет елдіктер қазағымды надан санап мал ғып күлсе.
Өз еліне қайтам деген қазақтарды оралман деп
Көре алмаймыз төмендетіп басқа елден оралған деп.
Тыңдап жатса жергілікті қазақтарға айтарым бар,
Шекараны жауып алмай қазақтарды қайтарыңдар.
Оралман деп кемсітпеңдер, еңбек еткен бауырларды
Қызғануды тоқтатайық, жөніңмен жүр жай табыңдар!

Қайырмасы:
Қазақпыз ғой - Қасық қаны қалғанша қырқысқан,
Қазақпыз ғой - Жүрегі жұлынғанша жыртысқан.
Қазақпыз ғой - Сырттан келген бөтенді сыйлаған
Қазақпыз ғой - Қандасын қайтара алмай қинаған. (2 рет)

SMITTY / Part 2:
Қаңғырған иттер қаңғыды мініп алып қымбат көлік,
Кортежбен көшелерде мақтанып жүр жанып-сөніп.
Тентек ұлын қолдап жүрген әкелерге таң қаламын
Солар шіркін көрді ма екен сасық боғын мал қораның?!
Қазақпыз ғой пайда көрдік зейнеткердің ақшасын,
Ел болмаймыз алаяқтар содан пайда тапқасын
Тонап жатыр жас жігіттер аяғы ауыр ананы,
Стриптизді жастар емес, әйелдер болып қарады.
Біз айтқаннан өзгере ме бұл өмірдің наданы?!
Қазақтар бар күнін көре алмай зарға батқан заманы.
Қоқыс тастап, ластап біттік Алматыдай қаланы
Айтыңдаршы ей, қазақтар қайда кетіп барамыз?
Қазағым-ай адаспайық, ар сақтайық, ел болайық,
Бай-кедей деп бөлінбейік, бір болайық, тең болайық!
Келімсек деп, оралман деп отандасқа ор қазғанша
Сыйласайық, қазақпыз ғой бар жағынан кең болайық!!!

Қайырмасы:
Қазақпыз ғой - Қасық қаны қалғанша қырқысқан,
Қазақпыз ғой - Жүрегі жұлынғанша жыртысқан.
Қазақпыз ғой - Сырттан келген бөтенді сыйлаған
Қазақпыз ғой - Қандасын қайтара алмай қинаған. (2 рет)

ЖАН АХМАДИЕВ / part 3
Бар жазығым қазақтардың қайғы-мұңын жырлағаным,
Мен жеткізген ақиқатты қыстырмадың, тыңдамадың.
Қазағымның тыныш жатқан түн ұйқысын ұрламағын!
Себебі сен мен секілді ел жағдайын жырламадың!

SMITTY / Part 3:
Соңғы кезде көбеюде бізді сынап боқтағыштар,
Өлтіремін, қырамын деп қос мылтығын оқтағыштар.
Қазақ деген жырауларды екі жүзді атадыңдар
Рақмет саған қазақ жұрты, бізді дұшпан

ЖАН АХМАДИЕВ МЕН БАТЫРХАН еще тексты


Другие названия этого текста
  • ЖАН АХМАДИЕВ/SMITTY - Оян, Казак, Оралман (Single 2016) (0)
  • Рыскулбек Нурсултан нурбек сембаев - Оян, Казак, Оралман (0)
  • ЖАН АХМАДИЕВ МЕН БАТЫРХАН - Оян, Казак, Оралман (Single 2016) (0)
  • БАКНУР ККАМАЛОВ - Бакнур (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1