Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жанабаева Арайка - Умытпашы менi | Текст песни

1. Ұйқысыз қарсы алдым, келесі бір түнімді
Естігендей болдым, түні бойы сенің үніңді
Тағы бір тыңдашы, мына менің мұңымды
Мұңыммен қоса, ақтарайын сырымды
Айрылысқанымызға қаншама күн өтседе
Бүгін еске алдым бәрін, бәрін басынан бастап
Еске алдым, ең алғаш кездескен күнімізді
Бір көргеннен ғашық болған, сол бір сәтімізді
Одан кейін екеуміз, қайта- қайта кездестік
Шынайы ғашық болып, бауыр баса бастадық
Бір күн көрмей қалсақ, қатты сағынып
Жүруші едің ғой мені, әрбір қыздан қызғанып
Қызғаныштан кешірші, мен сені талай жылатқанмын
Көз жасыңды көріп, сені қатты ұнатқанмын
Құшағыма қысып, мен сені жұбатқанмын
Сол сәттен бастап, саған ғана тұрақтадым

Қ/сы:
Ұмытпаймын жаным сені,
Сен де ұмытпашы мені
Бірге жүрген күндерді,
Жүрегіме сақтадым.

2. Мен де сені қызғандым, оны жаным жасырмаймын
Қызғанғаным соншалықты, достарыммен жауластым
Ренжімейсін деп ойлаймын, осындай мінезіме
Бегдулла деген есім, қалсын сенің жүрегіңде
Бастысы екеуміз, шынайы сүйе білдік
Қайғымен қуанышты, бірге жаным көре білдік
Тағдыр жазған бойынша, екіге бөліндік
Одан кейін қанша күн, қаншама күрсіндік
Тағдыр жазғанынан, екеуміз қаша алмадық
Соңында бір шешім, енді бәрін ұмытайық
Кейде оралғым келеді, бәрін артқа айналдырып
Бірақ нәтиже шықпады, қала бердім күрсініп
Ал қазір қиын жаным, сырттай күлудің өзі
Іште жүрек жылап жатыр, кім түсінер мұны
Оралмайды сол күндер, жаным деп құшақтайтын
Қысқасы бақыт тілеймін, саған таусылмайтын

Қ/сы:
Ұмытпаймын жаным сені,
Сен де ұмытпашы мені
Бірге жүрген күндерді,
Жүрегіме сақтадым.

© Бегдулла Зирапов

Жанабаева Арайка еще тексты


Другие названия этого текста
  • Бегдулла Зирапов - Умытпашы менi (0)
  • Жанабаева Арайка - Умытпашы менi (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1