Толтыра біліп көңілдің олқы бос жағын, Қатемді түзеп жол тапсам дұрыс қостадың, Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын, Жүрдіңдер сендер қолтықтан демеп достарым. Жабыққан сәтте қас-қағым Жанымды ұғар басқа кім?! Жаңа бір әуен бастадым Сендерге арнап , достарым. Сағыныш толы кеудемді кернеп жыр көшкін, Достыққа келді сағына әнмен үн қосқым, Өтермін мына өлшеулі ғана тірлікте, Биіктен сайлап, орынын адал, шын достың. Жабыққан сәтте қас-қағым, Жанымды ұғар басқа кім?! Жаңа бір әуен бастадым Сендерге арнап , достарым. Десек те қанша баянсыз достан түңілді ер Қаншама арзан мінезге куә жұмыр жер. Асылдар аз ба, жанын да қияр дос үшін Соларға тағдыр, өкінбей өтер ғұмыр бер. Жабыққан сәтте қас-қағым, Жанымды ұғар басқа кім?! Жаңа бір әуен бастадым Сендерге арнап , достарым.