Көз ілмей шықтым түні бойы, атты таң да Мазалам бір ой кетпей қойды естен әлі Жайдарлы шыққан күндер бірге жүрген едік Болды ма айтшы, жаным, босқа соның бәрі?
Қайырмасы: Кеш мені, кеш енді, Бар ма амал, менде енді? Оралмас, бір болмас Екі жас бірге енді.
Көз алмай тұрдым алдымдағы екі жастан, Бір-біріне күлімдеп қарап, қол алысқан Жайдарлы шыққан күндер бірге жүрген едік Болды ма, бұдан артық менде ақ арман?
(Рэппен оқылатын сөздер): Бағалай білмейміз біз барды Жігіттер сүйіңдер қыздарды Әйтпесе әр жанда бар арман Қыз деген сол үшін жаралған. Сезімді тұра алар бүгіп кім? Ең ізгі ерлігі жігіттің – Жан ұғар жақынның жоқ теңі Бір қызды бақытты еткені. Онсыз да бұл заман ызғарлы, Жігіттер сүйіңдер қыздарды, Өлуде күнәсіз сан арман Қыз деген сол үшін арналған.