[Қайрат Нұртас: 1 куплет] Сен мені түсінбедің, түсінбедің, Көзімде жасым қалды, ішімде мұң. Қолыма қонбай кеткен арман құсым, Жоқ әлде өңім емес түсім бе едің ?
Қайырмасы: Сен менің тыңдамадың жырларымды. Өзіңе ақтарушы ем сырларымды Сені аңсап елеңдеген бір бейне боп, Білмейсің әлі күтіп тұрғанымды.
[Жанар Дугалова: 2 куплет] Сен мені түсінбедің, түсінбедің, Жанымды жараладың үнсіз менің. Түнерсе егер аспан жасын төгіп, Ол менің сені ойлап, күрсінгенім.
Қайырмасы: Сен менің тыңдамадың жырларымды. Өзіңе ақтарушы ем сырларымды Сені аңсап елеңдеген бір бейне боп, Білмейсің әлі күтіп тұрғанымды.
3 куплет: Сол бір түнді сағындым, жарық айды. Кім ұғады, сүйіктім, біздің жайды ? Сен екеуміз өсірген ақ қайыңның, Қимай бізді жапырағы сыбдырлайды.