Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жанар Дугалова - Iзiн көрем | Текст песни

vk.com/zhanardugalova

1 куплет:
Қадау, қадау ұлылар тірнегі,
Талай, талай сырлар шерткен даналарым.
Тарау, тарау тарих боп сөйледі,
Сонау, сонау ғасырлардан бабаларым.
Қол созып аспанға, айналып дастанға,
Естілгендей маған
Солар болар заманның өрнегі,
Көктен биік ұстап өткен жалауларын.

Қайырманың алдында:
Жүрегім діріл-дірілдейді, дірілдейді, діріл-дірілдейді.
Домбыра үні күмбірлейді, жүрегіммен бірге.
Мәңгілік рухы тірі дейді, тірі дейді, тірі-тірідейді.
Жеткендей біздерге, айналып бір жұмбақ күйге.

Қайырмасы:
Ізін көрем, ізін көрем бабаларым салып кеткен,
Ізін көрем, ізін көрем даналарым жүріп өткен.
Қуаныш пен мұндарын, толқып тыңдадым, неткен өлең,
Жамбылым, Абайларым - асқақ шыңдарым, оны білем, жолымен келем.

2 куплет
Сезем, білем, көремін бәрінде,
Бұрын соңды бұны қалай байқамадым ?
Жырым, сырым құбылған әнімде,
Қайта-қайта таңырқадым, қайталадым.

Қайырманың алдында:
Жүрегім діріл-дірілдейді, дірілдейді, діріл-дірілдейді.
Домбыра үні күмбірлейді, жүрегіммен бірге.
Мәңгілік рухы тірі дейді, тірі дейді, тірі-тірідейді.
Жеткендей біздерге, айналып бір жұмбақ күйге.

Қайырмасы:
Ізін көрем, ізін көрем бабаларым салып кеткен,
Ізін көрем, ізін көрем даналарым жүріп өткен.
Қуаныш пен мұндарын, толқып тыңдадым, неткен өлең,
Жамбылым, Абайларым - асқақ шыңдарым, оны білем, жолымен келем.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-