1. Көз ілмей шықтым түні бойы, атты таң да Мазалам бір ой кетпей қойды естен әлі Жайдарлы шыққан күндер бірге жүрген едік Болды ма айтшы, жаным, босқа соның бәрі?
Қ-сы: Кеш мені, кеш енді, Бар ма амал, менде енді? Оралмас, бір болмас Екі жас бірге енді.
2. Көз алмай тұрдым алдымдағы екі жастан, Бір-біріне күлімдеп қарап, қол алысқан Жайдарлы шыққан күндер бірге жүрген едік Болды ма, бұдан артық менде ақ арман?
(Рэппен оқылатын сөздер): Бағалай білмейміз біз барды Жігіттер сүйіңдер сүйіңдер қыздарды Әйтпесе әр жанда бар арман Қыз деген сол үшін сол үшін жаралған. Сезімді тұра алар бүгіп кім? Ең ізгі ерлігі ерлігі жігіттің - Жан ұғар жақынның жоқ теңі Бір қызды бақытты бақытты еткені. Онсыз да бұл заман ызғарлы, Жігіттер сүйіңдер сүйіңдер қыздарды, Өлуде күнәсіз сан арман Қыз деген сол үшін арналған. \"Орда\" тобымен айтылған