1 куплет: Жас едің өмір еркін тойламаған, Күні ертең не боларын ойламаған. Шарықтап кетсе дағы қанат қағып, Өзіңдей қамқор әке кайда маған. [2х]
2 куплет: Бұл күнде мен өзеннің арнасымын, Кім мөлдір болса, соның жолдасымын. Қуан сен, қуана бер әкетайым, Мен сенің өміріңнің жалғасымын. [2х]
3 куплет: Әлемнің жарығын сыйладың сен маған, Даланың әр гүлін жинадың сен маған. Сен бердің құстардың қанатын самғаған, Балалық құштарым өзіңе арналған.
Қайырмасы: Әлдилеп, аялап өсірген жемісің, Самал жел саябақ құшағың мен үшін. Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін, Көңілді көктемдей көзіңнен танимын.