Досым,
Тиіспіз-ау болмауға қырық пышақ,
Тумау керек дәл ондай күдікті сәт.
Мына өмірдің қатігез іріктеуі-
арамызға жүрмесін іріткі сап.
Досым,
Отырамын алаңдап, хәліңді елеп,
Біздегі бұл лаулаған жалын бөлек.
Мейлі тағдыр сынасын, сен сынама,
Сол баяғы сыйластық қалу керек!
Досым,
Бір-бірімен мына жұрт жатты алысып,
Бірікпеген басынан бақтары ұшып,
"Құны түсіп достықтың кеткен" дейді,
Көтерейік соны біз атсалысып.
Досым,
Өтіп жатыр алапат қиын дәуір,
Шешімі жоқ сұрақ көп миымда ауыр.
Бауырымдай құрметтеп өтем сені,
Ең бастысы болмағын тиынға құл!
Досым,
Зиянымыз тиіп ед кімге нахақ?
Атымызды өзге де білген атап.
...Даңққа мынау алданып қайтем? маған-
сендей достың досы боп жүрген-АТАҚ!
Жандарбек ЖҰМАН еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2