Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жандос - Мусіркетпеші тагдырым (2013) | Текст песни

Ғайып болды кешегi балалық шақ
Уайымсыз өмiрден бүгiн жаным жырақ
Әрине сансыз сұрақ мазалайды менiде
Бақыт iздеушiлердiң тiркелдiм тiзiмiне
Көктегi күн көзiне бет жүзiмдi мен тостым
Жаныма батты, жүргенiмдей үстiнде шоқтың
Көтере алмай тоқтықты түрлi әрекет жасайсың
Ал мен күнде жүрегiме жүрек жалғаймын
Тиындарымды санаймын "ертеңге жетеме?" деп
Бүгiнде үмiтпен отырам көктен тiлеп
Сен айымай айлық түскенiн күтпейсiң
Әкеңнiң нөлi көп шектерiн қалтаңа бүктейсiң
Көз жасыңды төкпейсiң әрдайым шалқып жүресiң
Тәңiрден тiленгендердiң үстiнен күлесiң
Адам болса суретшi парағы оның өмiрi
Маған бiр құдайым және отбасым жәрдемшi

(Қайырмасы)
Құрдасыма бас идiрiп мүсiркетпешi тағдырым
Мен әлi күтудемiн жадыраған таң нұрын
Осы болса менiң өмiрiмнiң сиқы
Мен оған өкпелiмiн, шашылып жатқан қиқым

Жоғалмайды, жоғалмайды адамдығым
Мен дұрыс деп ойлаймын жасап жатқан қадамдарым
Егер менiң мақсатым өмiрден орнымды табу болса
Түскiм келедi бақытқа апарар(алып барар) тура жолға
Тiрелiп қаражатқа тiптi отырып тұрғаның
Аяққа тұсау салады қос қалтаңның бос қалғаны
Шығады тас талқаным осының бәрiн ойласам
Оларды шаршатпай- ақ бәрiнде өзiм қолға алсам
Деген ойларда бар бырақ нәтиже болмайды
Жолдарың тарылып байқайсың кепкенiн таңдайдың
Көмек сұрайсың, бырақ қашанғы жүгiресiң
Көмек құлайды, неге тағыда күрсiнемiн?
Ғажайыпты күтемiн аспаннан кеп түсетiн
Бала секiлдiмiн ертегiлерге сенетiн
Қожанасыр кейпiмдi менен әрi ұсташы
Шығар жолы болса көрсетшi маған соқпақты

Жандос еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1